28-02-22 |
480 рет қаралған
Украина-Ресей келіссөзі басталды.
Украина-Ресей келіссөзі басталды

Белоруссия мен Ураина шекарасы маңында Украина-Ресей келіссөздері басталды. Келіссөз тікелей эфирде өткелі жатыр.

Келіссөзге Ресей тарапынан Ресейдің Беларуссиядағы елшісі Борис Грызлов, депутат Леонид Слуцкий, Ресей СІМ орынбасары Андрей Руденко, Ресей қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин, Ресей президентінің көмекшісі Владимир Мединский қатысып жатыр.

Ал Украина тарапынан «Слуга Народа» партиясының депутаты Давид Арахамия, Украина қорғаныс министрі Алексей Резников, Украина президенті кеңсесі басшысының орынбасары Михаил Подоляк,  халық депутаты Рустем Умеров және Украина СІМ орынбасары Николай Точицкий.

Суретте: келіссөздер өтіп жатқан ғимарат, Reuter

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.