14-02-22 |
450 рет қаралған
Украина Ресейді 48 сағаттың ішінде шұғыл кездесуге шақырды.
Украина Ресейді 48 сағаттың ішінде шұғыл кездесуге шақырды

Киев 48 сағат ішінде Ресеймен және Вена құжатына қатысушы елдермен кездесуге сұраныс тастады. Бұл туралы Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба мәлімдеді.

Бұған дейін Украина 11 ақпанда кешке Мәскеуден ел аумағына жақын аудандардағы әскери іс-қимылға түсініктеме беруді талап еткен еді. Кулеба Вена құжатындағы 16.1.2 бабына сүйене отырып Ресейден 48 сағат ішінде жауап беруін сұраған. 

«Ресей Вена құжатына сәйкес сұраққа жауап бермеді. Біз келесі қадам жасамақпыз. Украина Ресей Федерациясы  және құжатттың өзге де қатысушы мемлекетерін 48 сағат көлемінде шекарамызға жақын аудандарға Ресей әскерінің жақындауын талқылауға шақырамыз», – деді министр өз Twitter-дегі парақшасында. 

Соңғы бірнеше айдан бері АҚШ және Еуропа елдері Мәскеуді мәселенің ушығуына байланысты айыптап, шекарадан әскерін алып кетуді талап еткен. 

Ал Ресей әскерилердің өз аумағында тек қауіпсіздік үшін орын ауыстырғанын айтқан. 

Дмитрий Песков Мәскеу біртіндеп Украинаның әскери құрамын зерттеп жатқанын және мұның елді аландатып отырғанын айтқан еді.

Айта кетейік, бұған дейін 20-ға жуық ел әскери қақтығыстан қорқып, өз азаматтарына Украина аумағынан кетуге кеңес бергені туралы хабарланған болатын. Олардың қатарында Австралия, Ұлыбритания, Латвия, Израиль, Канада, Греция, Жаңа Зеландия, Нидерланды, Норвегия, АҚШ, Сонымен қатар Финляндия, Черногория, Эстония, Оңтүстік Корея, Жапония, Бельгия, Германия және Литва бар.

Өткен түнде тізімге Кувейт, Ирак, Италия, Испания, БАӘ, Сауд Арабиясы, Швеция, Словения, Иордания, Палестина, Марокко, Люксембург, Багамалар, сондай-ақ Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Бахрейн және Кипр қосылды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.