01-04-22 |
470 рет қаралған
ҰҚК Тоқаевқа Мәсімовтің ісі туралы баяндады.
ҰҚК Тоқаевқа Мәсімовтің ісі туралы баяндады

Президент Тоқаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Сағымбаев ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде баяндаған. Алайда, нақты тергеп-тексеру барысынан Ақорда нақты ақпарат бермеген.

«Ермек Сағымбаев Президентке қылмыстық істерді, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшылығына қатысты істерді тергеп-тексеру барысы жөнінде баяндады.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қабылдаған шаралардың нәтижесінде 1769 қару, 273 граната және 49 303 оқ-дәрі, соның ішінде қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтар заңсыз қолданыстан алынды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес аясында 6 есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылып, 10 халықаралық және 11 өңірлік есірткі каналы жойылды.  404,5 кг көлемінде есірткінің бірнеше түрі мен 2 тоннадан астам прекурсор тәркіленді.

Мемлекеттік шекараны қорғау саласында тәртіп бұзған 2225 адам ұсталды.

500 миллион теңгеден астам сомадағы валютаның, құны 1,3 миллиард теңге болатын халық тұтынатын тауарлардың және жалпы сомасы 25 миллион теңге болатын жанар-жағармайдың заңсыз айналымына тосқауыл қойылды.

Аумақтық су жүйелеріне қатысты 57 заң бұзушының әрекеті тоқтатылды, 98,7 шақырым браконьерлік заттар тәркіленді. 500 миллион теңгеден астам ықтимал шығынның жолы кесілді», – деп жазады Ақорданың баспасөз қызметі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.