10-01-20 |
410 рет қаралған
Вице-министрдің 2,5 миллион теңге сыйақы алғанына жемқорлықпен күрес қызметі разы.
Вице-министрдің 2,5 миллион теңге сыйақы алғанына жемқорлықпен күрес қызметі разы

Ауылшаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева (суретте сол жақта) желтоқсан айында 2,5 миллион теңге сыйақы алыпты деген хабар әлеуметтік желіде тарады. Ең қызығы, министрліктің вице-министрге миллиондап сыйақы бергеніне сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметі разы екен.

«Біз жалақымызбен мақтанамыз. Бұл біздің жетістігіміз деп есептейміз. Ауылшаруашылығы министрлігінің сондай жалақы төлеуге мүмкіндігі болғанына біз разымыз. Вице-министр қызметінің деңгейі, жауаптылығы, істі ұйымдастыру жағынан алып қарағанда, бұл қалыпты деуге болады» депті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі әдеп департаментінің басшысы Данияр Сабырбаев (суретте оң жақта). Әдеп департаментінің басшысы мұндай ойын бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде журналисттердің вице-министрдің сыйақысына қатысты қойған сауалына орай айтқан.

Сабырбаев мемлекеттік қызметкерлер жақсы жалақы алып, басқа ешнәрсе ойламағанын қалайды екен. «Өйткені», – дейді Сабырбаев: «Жақсы жалақы жемқорлықпен күрестің негізгі бір тармағы».

«Неге мемлекеттік қызметкер аз айлық алуы керек деп ойлайсыз?» деп сауал қойған журналистке қарсы сұрақ қойған Сабырбаев вице-министрдің сыйақысы туралы ойын былайша өрбіткен: «Бәлкім еңбек демалысы ақысын, сыйақысын бәрін қосып алғанда үш миллионға жуық болған шығар… Мүмкін ол үш жылдың еңбек демалысы ақысын, сыйақысын алған болар».

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.