28-08-20 |
760 рет қаралған
Демалыс күндері қай жерлер жұмыс істемейді?.
Демалыс күндері қай жерлер жұмыс істемейді?

Алдағы сенбі, жексенбі күндері (29-30 тамыз) Алматыда қоғамдық көлік, базарлар мен сұлулық салондары жұмыс істемейтін болады. Тағы қандай мекемелер жабық тұратынын Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты.

«Қоғамдық көлік демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұл жағдайға қарай. Жағдай мүмкіндік бергеннен кейін. Біз жұқпалы ауруларды, өлім-жітімді, сырқаттануды, тіпті бос төсек орын  көрсеткіштерін бақылауда ұстап отырмыз. Бұл көрсеткіштер төменгі деңгейлерде болған кезде, объектілердің белгілі бір түрлері ашылады. Оның ішінде транспорт та бар…

Барлық базарлар жұмыс істемейді. Шаштараз салондары, моншалар, сауналар жұмыс істемейді. Қала тұрғындарына ерекше назар аударғым келеді, тек қатаң шаралардың арқасында ғана қаладағы жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді», – деді Бекшин.

Сонымен қатар таудағы демалыс аймақтары да жабық болатынын Бас санитар айтып өтті.

«Тауларды ашқанда әр бұтаның астында пикниктер жасалып, содан кейін қоқыс тау болып үйіліп қалатынын тәжиірибе көрсетті. Бұл үлкен тәуекел. Сондықтан таулар да жабық күйінде қалады», -деді Жандарбек Бекшин.

Бекшин қалада митингілер ұйымдастыруға да тыйым салынатынын айтты.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.