17-11-20 |
820 рет қаралған
Назарбаевқа ескерткіш қою керек деген жігіт депутат болуы мүмкін.
Назарбаевқа ескерткіш қою керек деген жігіт депутат болуы мүмкін

Алматыдағы Назарбаев даңғылына Елбасының ескерткішін қою керек деп бастама көтерген 25 жастағы Мәди Ахметов мәжіліс сайлауына түсетін «Нұр Отан»-ның партиялық тізіміне кірді. Ол бұл идеяны былтыр «Көшбасшылықтың 30 жылы» атты халықаралық ғылыми конференцияда ұсынған еді. «Jas Otan» жастар қанатының алматылық филиалын басқаратын жігіт биыл праймеризге қатысып, оның барлық кезеңінен сүрінбей өтті. Мәди Ахметов енді ҚР Парламенті Мәжілісінің сайлауына түспек.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.