25-06-21 |
1370 рет қаралған
Сағынтаев картоп бағасымен күресті екі жыл бұрын бастап кеткен.
Сағынтаев картоп бағасымен күресті екі жыл бұрын бастап кеткен

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев картоп, сәбіз және қырыққабат сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қымбаттауын түсіндірді. 

Әкім қалада азық-түлік бағасын ұстап тұру жұмыстары басталғанын айтты.

«Біз бұл мәселемен екі жылдан бері айналысып келеміз. Былтыр ірі сауда желілеріне немесе өндірушілерге жеңілдетілген несие берген кезде айналым схемасын енгіздік, олар бағаны белгілі бір деңгейде көтермеуге міндеттеме алады. Осылайша, біз азық-түлік бағасының тез өсуін тежейміз.

Маусымнан тыс уақытта көкөністерге – картоп, сәбіз, қырыққабат және басқа да өнім түрлеріне (бағалар көтерілді). Бұл өнімнің жетіспеушілігінен болды. Бірақ Түркістан облысымен барлық өнім түрлерін жеткізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қант бойынша Ақсу зауытымен байланыстамыз», – деді әкім.

Сондай-ақ, Сағынтаев Алматыда жұмыртқаға шекті баға белгіленгенін айтты.

«Қазір қырыққабат бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Шекті баға белгіленеді. Алматы облысының әкімімен сөйлестім. Егер біз миллион тонна өнімді тұтынатын болсақ, онда Алматы облысы Алматы қаласын қамтамасыз ету үшін толық жұмыс істей алар еді. Бұл жерде біз шаруаларға үлкен қолдау көрсететін едік. Қазір Түркістан облысымен, Алматы облысымен жұмыс істеп жатырмыз. Картопты Павлодардан әкелеміз.

Егер келесі маусымаралық кезеңге қарайтын болсақ, онда біз тек Алматы қаласында 22 миллиард теңгеге форвардтық келісімшарттар жасадық. Бюджеттен жеткілікті қаражат бөлінген. Әлеуметтік дүкендер қаланың барлық базарларында ашылды, онда бағалар басқаларға қарағанда 20-30 пайызға төмен. Бұл схема тиімділікті көрсетеді, өйткені жақын маңдағы дүкендер де бағаны төмендетуге мәжбүр», – деп түйіндеді Бақытжан Сағынтаев.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.