29-09-20 |
740 рет қаралған
Тергеу ғимаратынан секіріп қайтыс болған ғалымның әкесі әділдік іздейді.
Тергеу ғимаратынан секіріп қайтыс болған ғалымның әкесі әділдік іздейді

Алматыда экономикалық тергеу департаменті ғимаратынан секіріп қайтыс болған ғалымның әкесі мемлекет басшылығына видео үндеу жолдады. Химия ғылымдарының докторы, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Сапарқали Қонысбаевтың айтуынша, Алматының экономикалық тергеу департаменті ұлының үстінен жалған қылмыстық іс қозғаған. «Үйде заңсыз тінту жүргізіп, компьютер мен құжаттарды тәркіледі. Ар-намысымызды қорлады, үлкен моралдық қысым жасады. Ал, 22 қыркүйек күні ұлымды департаментке алдап шақырып алды. Тергеуші істің жабылатынына сендірді. Бірақ, түннің бір уағында ұлымның көз жұмғанын хабарлады. Оны бесінші қабаттың терезесінен лақтырып жіберген», – дейді Сапарқали Қоныспаев. Әкесінің айтуынша, Ерланның бірнеше жоғары білімі болған. Бес тілді білетін жас ғалым Францияда оқыған екен. Қазір оның артында әйелі мен үш баласы қалды.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 22 қыркүйекте Алматы экономикалық тергеу департаментінің ғимаратында болған. 44 жастағы Ерлан Қонысбаев 2016 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінен құны 230 млн теңгенің грантын ұтып алған. Осы қаражаттың 88 миллион теңгесін бөгде компанияларға аударған. Ал, келісімшартқа сәйкес жұмыс толық орындалмаған. Тергеу барысында күдіктінің бұған дейін де істі болғаны анықталды. 22 қыркүйекте тергеуші ҚР ҚК 128-бабы бойынша ұстау хаттамасын толтырып жатқанда Ерлан Қонысбаев 5-қабаттағы терезеден секіріп кеткен. Өкінішке орай, ол жедел жәрдем келгенше көз жұмды Қазір ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіп жатыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.