29-10-23 |
830 рет қаралған
Басин: «АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы міндеттемелерге ешқандай әсер етпейді.
Басин: «АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы міндеттемелерге ешқандай әсер етпейді

«АрселорМиттал Теміртау» меншік иесінің ауысуы қызметкерлер алдындағы міндеттемелерге ешқандай әсер етпейді. Төлем шарттары, әлеуметтік кепілдіктер сақталады. Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттыруға назар аударылады. Бұл туралы Вадим Басин айтты.

– Кеше Мемлекет басшысы қаза тапқан және зардап шеккен кеншілердің туыстарымен кездесуде компанияның проблемалық активтері бойынша инвестормен қарым-қатынас тоқтатылатынын мәлімдеді. Бұл ретте компанияның бүкіл ұжымына бірден айту керек: жұмыс шарттарында, төлемдерде, әлеуметтік кепілдіктерде ешқандай өзгерістер болмайды. Оларды жақсарту тұрғысынан ғана қайта қаралатын жағдайлар болады. Бұл компанияның әрі қарай жұмыс істеуі және әлеуметтік жауапты болуы үшін қажетті шарт. Ұжымның бірде-бір мүшесі жұмыстан шығарылмайды, ұжымның бірде-бір мүшесінің құқықтарына нұқсан келмейді, – деп атап өтті Вадим Басин.

Шахталарда бірінші кезекте еңбек қауіпсіздігін арттырумен және негізгі қорларды жаңартумен айналысатын болады.
Қазір қаза тапқан кеншілердің туыстары мен жақындарына психологиялық көмек көрсетіледі. Кәсіби психологтар жұмыс істейді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.