28-10-23 |
990 рет қаралған
Тоқаев: Митталмен келісім тоқтатылсын!.
Тоқаев: Митталмен келісім тоқтатылсын!

Президент Тоқаев үкіметке «Арселор Миттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық келісімді тоқтатуды тапсырды. Сондай-ақ ол, Костенко шахтасындағы өрттен қаза тапқан кеншілердің отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

«Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарастыя шахталардағы кезекті апаттан соң, депутаттар Митталмен келісімді тоқтатуды талап еткен еді.

Ермұрат Бапи, Мәжіліс депутаты:
– Құдай сақтасын! Бірақ өкінішке қарай, кезінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей нұсқауымен Митталдың жеке меншігіне берілген «АрселорМиттал Темиртау» (АМТ) компаниясына қарасты Костенко шахтасында болған апаттан 200-ден астам кенші жер астында қалды деген хабар келді. Оқиға басында құтқару операциясымен айналысып жүрген жігіттердің хабарына қарағанда, өрттің арғы жағында, терең забойда қалған 30-ға жуық адамды құтқару мүмкіндігі азайған сияқты… Қазірдің өзінде қаза тарқандар саны 11 адамға жетті.
Қазақстан металлургиясының флагманы аталған «Қарметкомбинатты» Митталдың меншігінен кері қайтарып алу мәселесі осыдан бірер ай бұрын – кезекті адамдар өліміне әкелген апаттан кейін қозғалған еді. Міне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде біраз депутат көтерген осы талапқа Үкімет атүсті қарап, «АМТ»-ны кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды!
Әлихан Смайылов мырза, техника қауіпсіздігін қаперсіз қалдырып, Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан «Карметті» қайтарып алуға не кедергі? Сіз әлі күнге дейін «ескі Қазақстан» жаққа елеңдеуді қойып, Қазақстан халқына қарай қашан бас бұрасыз?
«Аманат» партиясының Парламенттегі фракциясы (Елнұр Бейсенбаев мырза), сайлауда жеңіп шыққан партия ретінде 8-ші шақырылымның алғашқы сессиясында «аманаттықтар» ұсынған премьер-министрден «Карметтің» меншік иесін жедел өзгерту процессін бастауды талап етуді сұраймын!
Абзал Құспан, Мәжіліс депутаты:
– Осы кезге дейін жүздеген шахтер өліміне кінәлі Арселор Миттал – жемқорлық пен жауапсыздықтың, тойымсыздықтың символы! Ондай инвестормен келісім ендігі жерде сақталуы еш мүмкін емес!
БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.