21-02-19 |
6210 рет қаралған
Алаяқтық үшін ұсталған актер атақты фильмдерде ойнаған.
Алаяқтық үшін ұсталған актер атақты фильмдерде ойнаған

Алаяқтық әрекеті үшін ұсталған Тимур Айдарбеков белгілі режиссер Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» фильмінде басты рөлді сомдаған.

Ол оқушыларды алдағаны үшін істі болды. Бір жағдайда ол видео жүктеп аламын деген желеумен 15 жастағы оқушыдан ноутбук алып шығуын сұраған. Осылайша баланы алдап дүкенге кіріп кетіп, дүкеннің арғы есігінен шығып кеткен. Ноутбукты 15 мың теңгеге сатып жіберген. Тағы бірде қыз баланың телефонын алдап алып кеткен.

Жас актер  балалар үйінде өскен. Баланың бойындағы талантты артхаус жанрының режиссері Эмир Байғазин байқаған. 13 жасында Тимур Айдарбеков «Үндестік сабақтары», одан кейінірек «Жаралы періште» фильмдерінде ойнаған.

Екі кинотуындының екеуі де көптеген әлемдік кинофестивальдерде топ жарды. Жас актер 2013 жылы Францияның Амьен қаласында өткен 33-халықаралық кинофестивальде ең үздік ерлер рөлі үшін марапат алған.

Эмир Байғазинмен бірге қызмет істейтін қоюшы-суретші Сергей Копылов екі картинаға да режиссер өмірдің қиындығын көрген жастарды іздегенін айтты. Олар Тимур Айдарбековты балалар үйінен тапқан.

«Үндестік сабақтарын» түсірген кезде мен Байғазинмен жұмыс жасамадым. Мен «Жаралы періште», «Жұлдыздарға қарағыңыз келе ме?» киноларында бірге болдым. «Жаралы періштеде» Тимур токсикоманды ойнайды. Мен оның тағдыры қиын деп естігенмін. Интернатта өскен. Ол өте пысық бала. Түсірілім жұмыстары біткен соң да 2 аптадай жарықтандырушы болып жұмыс істеді. Сосын ол жоғалып кетті. 2017 жылы «Жұлдыздарға қарағыңыз келе ме?» фильміне түсіру үшін шақырдық.  Алдын ала түсірілімдерге келіп жүрді. Кейін тағы жоғалып кетті. Білуімше, ол интернатта бұрыннан бері тұрмайды», – деді Сергей Копылов. 2014 жылы 17 жастағы Тимур Айдарбеков интернаттан қашып кетпек болған. Бірнеше рет қашуға тырысқаны үшін тәрбиесі қиын балаларды бейімдеу орталығына түсті. «Ол «Жаралы періштеде» түсіп жүргенде қашып кеткен. Оны Тараздан тауып алды. Мінезі өте қиын бала. Тәрбиеге көнбейтін. Бетіне тату жасағаны жайлы естідім. Қолының жымсымасы барын бұрыннан білеміз. Содан қайтып әкелмеді. «Қазақфильмде» де біреудің телефонын сұрай тұрып, сол беті қайтармады. Оның актерлік потенциалы мықты болатын. Бірақ, аяқ астынан жоғалып кететін адаммен жұмыс істеу мүмкін емес», – деді ол. Айта кету керек, Қазақстанның ең атақты фильмі «Үндестік сабақтары» халықаралық кинофестивальдерден 1 жылда 30-ға жуық жүлде алған. Фильм қазақ киносында тұңғыш рет ең жоғарғы «А» санатындағы Берлин кинофестивалінің байқау бағдарламасына қатысып қана қоймай, одан «Күміс аю» жүлдесін олжалаған. Бұл фильмнің прокаты Қазақстанда 5 желтоқсанда басталды.

Дереккөз: inform.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.