21-01-19 |
1860 рет қаралған
Алматы-Өскемен трассасында қар құрсауында қалғандар толық құтқарылды.
Алматы-Өскемен трассасында қар құрсауында қалғандар толық құтқарылды

Естеріңізге саламыз, Өскемен-Алматы тасжолында 500-ден астам адам, 200 көлік қар құрсауында қалып қойғаны жайында мәлімдеген едік. Барлық құтқару жұмыстары аяқталды , деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дауыл туралы алғашқы сигнал 20 қаңтарда түнгі үш сағатта түскен болатын. Шығыс Қазақстан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, операция барысында 10 жолаушы автобусы, 143 жүк көлігі және 78 жеңіл автомобиль тіркелген.

– Көмекке Үржар, Аягөз, Өскемен және Қалбатау қалаларынан арнайы техника шықты. Таскескен ауылына 312 адам эвакуацияланды. Олар ауруханада, екі мектепте, дәмханада, сондай-ақ ауыл тұрғындарының үйлеріне жайғасты. 197 адам өз автокөліктері мен автобустарын тастап кетуден бас тартты. Олар үшін су, ыстық тамақ және дизель отынын тасымалдау ұйымдастырылды – деп мәлімдеді Н.Жұмаділов.

Өз кезегінде облыс әкімі Даниал Ахметовтың тапсырмасы бойынша жедел штаб құрылды. Алайда штаб ауа-райы қолайсыздығының кесірінен тым ұзақ уақыт жүріп, көмекке келіп жетті.

– 19 қаңтарда «Қазгидромет» Шығыс Қазақстан аумағында желдің екпіні туралы хабарлаған болатын, – дейді ШҚО ТЖД басшысының орынбасары Александр Ломыгин. – Шынында да, жел қатты соқты, тіпті оған қарсы автокөлік есігін ашу мүмкін емес еді. Қазір трассаның осы учаскесіндегі құтқару операциясы аяқталды, колонналар Алматы мен Аякөзге қарай жүрді. Жолда тазалау жұмыстары жалғасуда.

Дереккөз: kaz.altaynews.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.