11-11-20 |
900 рет қаралған
Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлын пышақтап өлтірді.
Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлын пышақтап өлтірді

Нұр-Сұлтанда азаматтық белсенді, марқұм Дулат Ағаділдің ұлы – 17 жастағы Жанболат Ағаділді пышақтап өлтірді. Бұл жайында Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі Эльмира Шәуленова хабарлады.
10 қарашада сағат түнгі 10:56-да 102 нөмеріне Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданы Болашақ көшесінде жаппай төбелес боп жатқаны туралы қоңырау шалынған. Полиция келгенше жастар арасындағы ерегес төбелеске ұласып екі адам жарақаттанды. Ал пышақталған 17 жастағы Жанболат Ағаділ жедел жәрдем келгенде ауыр жарақаттан көз жұмды. Полиция факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-тармағы және 293-баптың 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір тексеру жүргізіліп, төбелеске қатысқандар анықталып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, Дулат Ағаділ 2020 жылдың ақпанында тергеу абақтысына қайтыс болды. Қазақстандықтардың басым бөлігі оны азаматтық құқық пен еркіндік үшін күрескен тұлға деп санайды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.