12-02-19 |
4480 рет қаралған
Экс-министр Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды.
Экс-министр Қалмұхамбет Қасымов жаңа қызметке тағайындалды

Қалмұхамбет Қасымов Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды, -деп хабарлайды «arasha.kz» Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі қызметінен босатылсын», – деп хабарланған президенттің жарлығында.

Бұрынғы Ішкі Істер министрі Қалмұхамбет Қасымов 2011 жылдан бері министрлік қызмет атқарып келген. Өткен жылдың жазында танымал қазақстандық спортшы Денис Теннің қазасынан кейін, қоғамда Қасымовқа қызметінен кетуі талап етілген еді. Бірақ ол: «Біз әскери адамбыз, үкімет, президент қалай шешеді, біз соған көнеміз», – деп жауап берген еді.

Еске салайық, бүгін Ішкі Істер министрлігі Төтене жағдайлар комитетінде де ауыс түйіс болған. Оның себебі, Астанада қаза болған бес баланың оқиғасына байланысты аталған коминтеттің төраға орынбасары Барат Дұзақбаевты қызметінен босатып, тағы бірнеше шенеунікке сөгіс жарияланған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.