Біз
әлеуметтік
желіде
12-06-25 |
640 рет қаралған
FlyArystan-ның қызметі депутаттың шамына тиді.
FlyArystan-ның қызметі депутаттың шамына тиді

FlyArystan әуекомпаниясы рейстердің кешігуіне байланысты тағы да қоғам назарына ілікті. Бұл жолы сын тікелей Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтан түсті. Ол өзінің Facebook парақшасында компанияны «жолаушылармен жұмыс істеуді білмейтін» және «жауапсыз тасымалдаушы» деп сипаттады.

Пономаревтың айтуынша, рейс ұшуға 8 күн қалғанда белгісіз себеппен 10 сағат 45 минутқа шегерілген. Бұл туралы жолаушыға алдын ала ескертілмеген, кешірім де сұралмаған.

«Бұл компанияда жолаушыға түсініктеме беру, кешірім сұрау деген түсінік жоқ. Қызметі — тікелей адамдармен жұмыс істеу, бірақ олар бұл міндетті мойындамайтын сияқты», — дейді депутат.

Депутат FlyArystan-ға бұған дейін де шағымданған

Ол бұған дейін кітап пен зат салынған пакет үшін 11 мың теңге қосымша ақы төлегенін айтты. Сонымен қатар, рейстердің жиі кешігіп, еш ескертусіз ұзақ уақыт күттіретінін, қызметкерлердің дөрекі мінезін де айтқан.

«Қызметкерлер кейде жолаушыларды айыптап, олардан қосымша ақы алудан рахат алатындай көрінеді», — деп жазды Пономарев.

FlyArystan шынымен «лоукостер» ме?

FlyArystan өзін арзан бағадағы тасымалдаушы ретінде көрсеткенімен, қосымша қызметтер үшін алынатын ақылар, ақпараттың болмауы және қызмет сапасының төмендігі компания имиджіне қайшы келеді.

«Қазір билет тапсыру немесе өзгерту — жаңа билет бағасымен тең. Қайдағы үнем?», — дейді ашынған депутат.

Депутаттық сауал мен қоғамдық үндеу

Сергей Пономарев ресми депутаттық сауал дайындап жатқанын және FlyArystan өкілдерімен жеке кездесіп, барлық мәселені талқыламақ. Сонымен қатар, ол Қазақстан азаматтарын өз шағымдарын жазып жіберуге шақырды. Шағымдар депутат сауалында ескеріледі.

Бұл FlyArystan-ның алғашқы жанжалы емес

FlyArystan әуекомпаниясы бұған дейін де рейстердің жүйелі кешігуі, багажға байланысты жасырын төлемдер, жолаушылардың қауіпсіздігі және коммуникацияның жоқтығы үшін бірнеше рет қоғамдық сынға іліккен.

Arasha.kz ұсынған материал. Қазақстандағы тасымалдау, авиация және жолаушы құқығы мәселелерін бірге қадағалайық.

БӨЛІСУ:
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.