12-03-24 |
13620 рет қаралған
Мақпал Жүнісованы FlyArystan рейсіне домбырамен жібермей қойды.
Мақпал Жүнісованы FlyArystan рейсіне домбырамен жібермей қойды

Танымал әнші Мақпал Жүнісова Алматы әуежайында FlyArystan ұшағының бортына домбырасымен кіргізбей қойғанын хабарлады.

«Мен әуежайда отырмын. Менің домбырам мен бас киімімді багажыма кіргізбейді. Олар чемоданға бәрін салыңыз дейді, бірақ ол оған сыймайды. Мен FlyArystan ұшағымен ұшқалы отырмын», – деді әнші.

Кейін белгілі болғандай Мақпал Жүнісова бас киімімен домбырасы үшін жолаушылар орнына 65 мың теңгеге билет алуына тура келген.

«65 мың теңгеге домбыра мен бас киімге бөлек орын алдық. Құрметті Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы, біздің қазақтың домбырасымен ұшаққа жібермейді, солай болып жатыр. Енді гастрольдік сапарға шықпаймын», – деді әнші.

Әншінің әлеуметтік желідегі оқырмандары әуе компаниясының бұл ережелеріне наразылық білдіріп, пікірлерін қалдырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандық келіншек Fly Arystan лоукостер әуе компаниясының қызметіне шағымданған болатын. Тіркеу кассасында оның жүгі тексеріліп, ұшаққа тиелгенімен, жолаушының өзін кіргізбей қойған.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.