02-11-20 |
350 рет қаралған
Грузия: Парламент сайлауы қалай өтіп жатыр?.
Грузия: Парламент сайлауы қалай өтіп жатыр?

Грузияның оппозициясы парламент сайлауының қорытындысын заңсыз деп тануды талап етуде. Наразы топ жексенбі күні үкімет ғимаратының алдына жиналып митинг өткізді. Олар «Грузия арманы» атты билік партиясының науқан кезінде заңсыз әрекеттерге барғанын мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Грузия арманы – Демократиялық Грузия» партиясы парламент сайлауында 48,16% нәтижемен жеңіске жетті. Бұл жайында осыған дейін орталық сайлау комиссиясы хабарлаған еді. Жалпы сайлаудың қорытындысы бойынша парламентке жеті партия мен екі блок өтті. Қазіргі биліктің басты бәсекелесі – негізін экс-президент Михаил Саакашвили қалаған «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясы. Бұл ұйым осы жолғы саяси додада 27,12% дауыс жинады. Сайлаудың екінші туры үміткерлері депутаттық креслоға 50% жинай алмаған елдің 17 мажоритарлық округтерінде өткізіледі.
Грузиядағы парламент сайлауына коронавирус пандемиясына қарамастан елдің 1 970 540 азаматы, яғни 56,11% қатысты. Парламенттегі 150 депутаттық орын үшін 48 партия мен 2 сайлау блогы тартысқа түсті.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.