17-11-20 |
400 рет қаралған
Әлемде COVID-19 тіркелмеген қанша мемлекет қалды?.
Әлемде COVID-19 тіркелмеген қанша мемлекет қалды?

Қазір әлемде коронавирус инфекциясы тіркелмеген 9 мемлекет бар екен. Олардың 7-сі Тынық мұхиты аралдарындағы Самоа, Тувалу, Микронезия, Палау, Кирибати, Тонга және Науру елдері. COVID-19 бізде тіркелген жоқ деп жар салып жүрген құрлықтағы екі мемлекет – Түркіменстан мен Солтүстік Корея ғана. Екі елдің ұқсастықтары эпидемияны жоққа шығарумен ғана шектелмейді. Түркіменстан мен Солтүстік Кореяның ғалымдары вирус жүздеген километрге жел арқылы тарайды деп бірдей тұжырым жасауда. Бірі біздің Аралдан соғатын шаңды желден сескенсе, екіншісі Қытай мен Монғолиядан соғатын құмды дауылдан қорықатынын айтып жүр. Бұл елдерде коронавирустық инфекцияның тіркелмеуі әлем қауымдастығы үшін жұмбақ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адан Гебрейесус Түркіменстанға тәуелсіз сарапшылар жөнелтуге байланысты президент Гурбангулы Бердымухамедовпен келіссөз жүргізген. Алайда мемлекет өз аумағына шетелдік мамандарды жолатпай отыр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.