08-09-20 |
830 рет қаралған
Онлайн сабақтың сілтемелері мен құпия сөздері Telegram-ға жарияланған.
Онлайн сабақтың сілтемелері мен құпия сөздері Telegram-ға жарияланған

«Қазақстан мектептері онлайн сабақтың сілтемелері мен құпия сөздерін Telegram-каналдарға жариялаған. Сондықтан оған кез-келген адам қосылып ойына келгенін істей алады». Бүгін қазақстандық белсенді Павел Александров осындай пікір білдірді. «Біздің елде қашықтықтан білім беру үшін мамандандырылған арнайы қауіпсіз платформалардың орнына Zoom мен WhatsApp сияқты тегін платформалар таңдалды. Цифрлы технологияны дамытуға бөлінген қыруар қаражат қайда кетті? Қазір телеграмда мыңдаған оқырманы бар көптеген топтар құрылған. Оған сабақтар, оның сілтемелері мен құпия сөздері, оқушылардың тізімі сияқты мәліметтер салынады. Сондықтан оған кез-келген адам қосылып, сабақ үстінде порно видео қоса алады. Кәмелетке толмағандарды азғындырғаны үшін кім жауап береді?», – деді Павел Александров.
Карантин кезінде Zoom платформасының сапасына қатысты көп сын айтатын жұрттың енді жаны түршігетін болды. Жуықта Нұр-Сұлтан қаласының №22 мектебінде 5 сыныпқа арналған математиканың онлайн сабағында порно видео қосылып кеткен. Бұл жайында Фейсбук желісінде Жанна Нұрмағамбетова есімді ата-ана жазды. «Білім министрлігі қайда? Zoom бағдарламасындағы бетсіздікті неге назарларына алмайды? Үш айдың ішінде балаларды оқытуға арналған қолданба жасауға болатын еді ғой. Неліктен оқушылар экрандағы тыр жалаңаш еркектерді көруі тиіс», – деді Жанна Нұрмағамбетова.
Бұл оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы оқушылар мен ата-аналар арасында тәрбие жұмыстарының жүргізілгенін айтып ақталды. «Сол күні кешке ата-аналар балаларының ұялы телефондарын тексерді. Күдікті ешнәрсе табылған жоқ. Қазіргі уақытта онлайн сабақ Microsoft Teams платформасына ауыстырылды», – деді шенеуніктер.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.