13-10-20 |
360 рет қаралған
Оңтүстік Кореяда еліміздің тағы 2 азаматы қайтыс болды.
Оңтүстік Кореяда еліміздің тағы 2 азаматы қайтыс болды

Оңтүстік Кореяға нәпақа табамын деп аттанған тағы екі қазақстандық қайтыс болды. Бұл жайында «Друзья по СНГ» халықаралық қоғамдық ұйым адвокатының көмекшісі Мейірбек Садық мәлімдеді. Марқұм болған 20 жастағы түркістандық жігіт пен 50 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны.»20 жастағы жігіт 9 метр биіктіктен құлаған. Ал 1970 жылы туған әйел ағаштан алма теремін деп сатыдан құлап кеткен. Қазіргі таңда бұл оқиғаларға қатысты тергеу жүріп жатыр. Қазанның соңына дейін олардың мәйіті Қазақстанға жеткізіледі», – дейді Мейірбек Садық. Естеріңізге сала кетейік, биыл Оңтүстік Кореяда Қазақстанның 6 азаматы бақилық болды.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.