13-05-19 |
7240 рет қаралған
Плакат ұстаған кейіп танытқан қызды полиция ұстап әкетті.
Плакат ұстаған кейіп танытқан қызды полиция ұстап әкетті

Жанбота Әлжанова есімді белсенді қолына плакат ұстаған кейіп танытқан суретін әлеуметтік желіге салғаны үшін ұсталды деп хабарлайды tvrain.ru.

9 мамыр күні ол Нұр-Сұлтан қаласында күшпен ұсталып, бірнеше сағат бойы полиция одан жауап алған. Бұл туралы Әлжанова Фейсбуктегі парақшасында жазған.

https://web.facebook.com/photo.php?fbid=2490062287873361&set=a.1389539064592361&type=3&theater

Оны еш бір құжат көрсетпеген штаттағы адамдар ұстап, күштеп көлікке отырғызған, сосын астанадағы Байқоңыр аудандық полиция бөлімшесіне жеткізген. Телефонын тартып алып, тергеу кезінде қандай приложениялар қолданатындығын сұраған, сосын саяси көзқарасы мен экстремистерге қатысы бар ма екенін сұраған. Әлжановаға куәгер ретінде сұралып жатқанын айтқан.

Екі сағаттан кейін ол адвокатымен байланысуға мүмкіндік алған, адвокат кешке келген. Әлжанова барлық айғақтардан бас тартыпты. Өзінің сөзінше ұсталған соң ол бірнеше денесіндегі сырылған және көгерген жарақаттар алған.

Жанбота Әлжанова наразылық акцияларын бұзды деп айып тағылған басқа активтерге көмектесіп, заттар апарып беріп, соттарға барып жүр.

Естеріңізге салсақ, Оралдық Аслан Сағутдиновты 6 мамыр күні ештеңе жазылмаған бос плакат ұстап тұрған жерінен ұстап әкетіп, жарты сағат тергеген. Оның айтуынша, Қазақстанда демократиялық еркіндік жоқ екенін өз акциясымен көрсеткісі келді.

Оралда бос плакат ұстаған жігітті полиция ұстап әкетіп, плакатқа бірдеңе жазуын сұраған (видео)

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.