10-10-20 |
910 рет қаралған
Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келді.
Қарабақтағы қақтығыс: Әзербайжан мен Армения келісімге келді

Әзербайжан мен Армения Таулы Қарабақтағы қақтығысты 10 қазанда сағат 12:00-де тоқтатуға байланысты келісім жасады. Бұл туралы Ресей Федерациясының сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. Ол «Әзербайжан мен Армения республикалары ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағаларының бітімгершілігімен жағдайды реттеудің базалық принципі негізінде тезірек бейбіт келісімге келу үшін субстантивті келіссөздерге кірісті», – деді.

Естеріңізге сала кетейік, Ресей, Армения және Әзербайжанның сыртқы істер министрлері Сергей Лавров, Зохраб Мнацаканян және Джейхун Байрамов Таулы Қарабақтағы жағдайға байланысты Мәскеуде кездесті. 10 сағатқа созылған жиын жабық форматта өтті. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен құжат әзірленді. Қақтығысты тоқтатудың нақты тетіктері қосымша талқыланбақ.

Фото: www.rbc.ru

 

 

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.