13-10-20 |
580 рет қаралған
Қырғызстан 104 миллион доллар кірісінен айырылды.
Қырғызстан 104 миллион доллар кірісінен айырылды

Алдын ала есеп бойынша Қырғызстан саяси тұрақсыздықтың салдарынан 8 миллиард сом, яғни 104 миллион доллар кірісінен айырылған екен. Бұл мәліметтерді елдегі бизнес қауымдастықтардың ұлттық альянсы келтіріп отыр. Сарапшылардың пайымдауынша, қазан айының басында 210 миллион доллардың бизнес конрактлары мен жобалары жасалмай қалған. Саяси дағдарыс кезінде мемлекет қазынасына түсетін салықтар азайып, жұмыссыздық артып, әлеуметтік-экономикалық жағдай қиындай түскен. «Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биліктің заңдылығын анықтау үрдісі ұзаққа созылып кетті. Ал, мемлекеттік функциялардың толыққанды жұмыс істемеуі бизнеске кері әсерін тигізді», – дейді альянс өкілдері. Ұлттық альянс Қырғызстанда енгізілген төтенше жағдайды жеңілдету үшін барлық саяси күштерді бірлікке шақырып отыр. Сонымен бірге биліктен жүк тасымалдау және тау-кен өндірісімен айналысатын кәсіпорындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етуде.

 

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.