16-10-20 |
570 рет қаралған
Қырғызстан: Парламент пен президент сайлауының уақыты белгілі болды.
Қырғызстан: Парламент пен президент сайлауының уақыты белгілі болды

Бүгін Бішкекте төтенше жағдай режимі тоқтатылды. Парламент депутаттары отставкаға кеткен президент Сооронбай Жээнбеков наразылық акциялары кезінде енгізген төтенше жағдай режимінің күшін жоюды бірауыздан қолдады. Ал, Қырғызстан президентінің міндетін атқарушы Садыр Жапаров дүмпу кезінде астанада қоғамдық тәртіптің сақталуына үлес қосқан қоғамдық жасақтарға алғыс білдірді. Жапаровтың айтуынша, 5-6 қазанда болған қоғамдық-саяси оқиғаларды «мемлекеттік төңкеріс» деп атауға болмайды.
«Егер біз 5-6 қазанда елдегі жағдайды тұрақтандыруға атсалыспасақ осы жерде отырмас едік. Қуанышқа орай, тонаушылық пен жеке мүлікті тартып алу оқиғалары, революция болған жоқ. Билік бейбіт түрде заңды жолмен ауысты», – деді ол.
Президенттің міндетін атқарушы бүгін халыққа үндеу жасайтынын мәлімдеді. Бұған қоса,  Орталық сайлау комиссиясы Қырғызстандағы сайлаулардың нақты уақытын жариялады. Парламенттік сайлау 20-шы желтоқсанда, ал президенттік сайлау 2021 жылдың 17-ші қаңтарында өткізілмек.

Фото Knews.kg

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.