26-06-18 |
5960 рет қаралған
Сұраған Рахметұлы. Парламентаризм….
Сұраған Рахметұлы. Парламентаризм…

Бұл әр мемлекеттің қантамырын жаңғыртуға арналған құрылым. Атқарушы билікке нұсқаушы, жалпыхалықтық өкілетті заң шығарушы орган. Ғаламдық  тарихи жағы саналуан, мәмілелік жүйенің мемлекеттерде жүйеленген түрі.

Консервативтік, либералдық, социал-демократиялық, коммунистік (радикалдық), фашистік сатылардағы биліктің үштағанының бәрінде  осы құрылым түрлі идиеологиялық (ideology) тұғырда өмір сүрген, жетілген. Черчилль мен Бисмарк – консерватив, Мальтус, Франклин мен Рузвельт – либераль, Маркс пен Мао – коммунист, Адольф Гитлер мен Муссолини фашистік , Тауней социал-демократтық бағытты ұстанса да қалың жұрттың көзқарас алуандылығы өкілеттік орындардан көрініп қалып жүруі – осы құрылымның өміршеңдігінде. Себебі, бұл құрылым қазақ үшін  бағзыдан қайманалық сыпаттағы мәслихаттасудың тетігі. Қазақтық байырғы көшпелі ғұрып пен кешегі дәстүрлі таңдаулары да әр кезеңдерде осы текті өзгеше болған.

         Бұл ұлы далалық құндылықтарды сақтауға арналған кәдімгі  қара өлеңдегі «алтын сандық». Сойы – Құрылтай, аты – жиын. «Күнтөбенің басында күнде жиын…» – осы орын. Бүгінгі қазақтың саяси-экономикалық реформаларының тұғырнамасы жасалатын  орган – Ми. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдуммен қабылданған Ата заңға сәйкес орныққан жоғары өкілетті – жоғары палата – Сенат,төменгі палата – Мәжіліс. Классикалық Лейберлизмнің «измі» сезіледі! Шүкір. Бірақ, өзгешелік те жоқ емес. Сенаттың жетеуі Елбасының жеке қалауымен. Оның «ең жоғарғы өкілеттік өкімет» деп  бағалауының негізі де осы жер. Ми жүйесін ұмытшақ, жаңғалақ, жарамсақ күйге түсірмеу үшін үнемі қағынып,сілкініп,жаңғырып отыруға  лайық механизмі – демсайлау. Мәжілістің жетіс жетісі осылай сайлау арқылы «өмірге» келеді.Оның оны партияның қалтасынан шығады.

Сайлау – тағдыр, жауапкешілік. Сайлану одан да салмақты аманат арқалау. Парламенттегі депутаттардың кәсібилігі өз алдына өңге әңгіме. Әнші, тракторшы, сарай ақыны, дәнекерші, хатшы,  кәріқыз, қалтадағы сыйлыққа тең зейнеткер,бақсы тб.

Әрине бәз біреулер популистік  уағда бойынша балама,сілтеме тізіммен қалай болса солай еніп келуі де ықтимал. Әрине «Марксистік алдамшы пайымға байланған» (К.Поппер) депутаттар да бар. Бұндай ғадет парламенттің кемелденуіне кереғар нұқсан келтіріп жүр. Жоғары лауазымнан ығыстырылған беделділердің уақытша «тығылатын» жері бұл ара болмауы тиіс еді. Кеңестік кеңсе секретаршасынан Сенатқа  дейін баспалақсыз өскен «әжей» депутаттар енді қанағат етіп, үйінде немересін бағып бес уақыт намазын өтеп отырса  қандай игі? Ал, зейнеттегі ақсақалдар шамасына сай, атақ-абыройына лайық, денсаулығына жайлы орынды таңдап абыздыққа көшсе.Әскериліктер үшін орман күзетшілігі  секілді экотабиғи істерді атқарып таза ауада серуен құрып жүре беруге болатын жағдайлар секілді таңдалар  тіптен көп.

Саясаттың сарбаздарының маразмамен алжуы қиын.Оның зардабы өлшеусіз. Оларды депутаттыққа әурелеу обал. Ал хас парламентшінің істейтін шаруасы қалғып – шұлғып, қыдырып, тамақтанып, біреуді мақтап, орынды, орынсыз көбік попури жырлап, зарлап, шерлеп мақұлдаудан мүлдемге бөлек қарекет. Депутат барынша харизматик саяси сахнада сарабдал саясат жасауға күмәнсіз ұмтылушы – ес ақылы ақаусыз кәсіби өкіл. Мұнда Француздың әйгілі  зертшісі  Рожер-Жерард Шванцбергтің саяси коммуникацияны «star system»-ге бөліп қарайтын жағын  неге қарастыруға болмайды!? Беймағұлым!

Парламент палатасы – дорақ ойнайтын, һәм оны бордақылап өсіретін орыннан басқа.Ұлтық қауіпсіздік, ұлт тәуелсіздігінің күзетшісіне жарайтын – әр қалаулыны дана халық өз қалауымен ғана депутаттыққа бұйыруы тиіс.Үкіметке сенімсіздік вотумын жария етуге құқық берліген жердегі ұлт мүддесі «қоян жүректерге»  мылжа болмаса керек.

Ел сеніміне опасыздықпен қайшы келіп, міндетін әдейі ақтамаса,ұлт пен тілге сатқындық жасаса оффшорлық, жемқорлық, бүгінгідей ұрлыққа жол берсе, кейін оны шегеретін тәсіл де жоқ емес. Кез келген сенімсіз сәтте парламентті тарқатып жіберуге Президенттің құзыреті де әзір өтімді. Өкініш пен ағаттық көп. Әрине… Әлемде парламентаризмдік құзіреттің мәртебелік жағында да онша мән берілмеген, «ұстанымдарында да» шикіліктері жетеді. Сайлауды бақылайтын жалпығаламдық ұйымдар да жарымбақ. БҰҰ Қауіпсіздік және жөніндегі Еуропалық ұйымы да бұрынағы посткоммунистік елдердің билік жүйесіне небәрі сақтықпен  қараудан басқаға қауқарсыз. ШЫҰ сегізге секірді. Бұл да жөн, пайдасы бар. Бүгінгі стратегиялық көрші – Ресейлік Дума маңайына әлі әйеңкі үстем. Себебі, ол жерде аса зерделі ұлтшыл, қаны қызу жүректі серкелері отыр.

Империялық зардапты билік арман биігінде  дәуірлеп,одақтас,әріптес іздеп жүрген мына заманда – Қазақтың Тәуелсіздік түптұғырындағы парламенттің саяси мүдделері мен оның басты бағдары әмбеге де әлемге де айдай анық болса деген ой мазалайды. Қазақ парламенті – Ұлы далалық демократияның түптағанын түзеу үшін күресуші уәкілеттік иниституция. Сол тұрғыда байырғы жұрт оған тілекші. Сол үшін де әлеуметтік желіде айтылып жүрген лебіздердің көбіне ұлт көзімен қарауымыз жөн секілді.

Ал президенттік билікті парламентке алмастыру – бүгінгі күннің үзілді, кесілді  сауалы да, жауабы да емес. Қазақта «екі аққуға бір басшы » – деген ұлы теория бар. Қос палата біріне бірі бағынышты емес. Елбасының екі қанаты есебінде. Қазақ үшін ұтымды табылған құрылым.

Қытай басшысы Ши Жиньпин жуырда «Құстар желісін» ұлт бағдарына енгізді?! Ол «тағаны дұрыс болмаса тау да құлайды»- деді. Бұны біздің бабамыз «таудан тас құласа етектегіні ала кетеді…»,»суда балық өледі жар құласа…» – деп баяғыда қазақы қисындаған… Қырғыздың Жогоргу Кеңеші мен Литваның Сеймі, Украинаның Радасы, Беларусьтің Ұлттық жиыны, Эстонияның парламенті тсс. ұқсас ұйымдар ішкі, сыртқы түрткілеуден өзін өзі бақылай алмай ауытқыған тұстары көп. Себебі, аталмыш елдерде ой санасы шегенделген неомаркистлер өте көп сайланғаннан осы жағдайдың болуы мүмкін ғой. Парламент – конституция аясында ой жарыстыратын алаң. Тағыда Қытай басшысы «саяси экология»атауын енгізді. Бұның да қазақтық бағзыдан ұласқан баламасы бар.

Парламент һәм Мәжіліс, Сенат қазақтың Мемлекеттілігін тілін, жерін, шекарасын, бүткіл территориясын жүрегін қорғауға міндетті жасақты Ұлы қорған. Мемлекет дегеніміз – ұлттық тіл, аумақ-территория. Ендеше сол мемлекеттік  тілді қорғау жолында бәрін жасауға халықтан мандат берілген Отпантауы – Парламент. Өз ұлттық тілін «ойыншық» етіп қорлап отырғандарға жол беруші  жүйе – бүгін осы  ҚР Парламенті мен Сенаты болып отыр. Қазақ тілін, мемлекетін, Ата заңын құрметтемейтін, сөйлегісі келмейтіндерді қалаған жағына босату өз құзырында. Ал, өз ана тілін білмейтін жаңғырғысы келмейтін әлжуаз билікке, оны қолдаушы сатылған қазақтарға төтенше жағдай жариялау, бозқысым көрсету, мәжбүрлеу,  заңмен қудалау, тіпті қажет болса күш қолдануға дейін баруды парламент қолына алуы – заман  талабы еді. Бірақ, тілге келгенде осы Парламент тағыда қауқарсыз, сужүрек. Бірақ, жағдай оған дәл бүгін мүлде сәйекеспейді дейді!?  Бұл ұлттық қауіпсіздікке  қатысты мәселе екенін бүгінгі парламентте отырғандардың 95 пайызы мүлдемге түсінбейді.

Басқаның тіліне өлердей ғашық, өз тілінен сасық деп безінген тірі өлік берілген пасықтар Қазақ жерінде қазақтың қызыл қаны тамған алқапта өсірілген бидайдың қосындысыз таза нанын жейді. Алаштың ақ дәмін қазақша «а» білмейтін қарақұстың тас құрсақ күшіктері неге жеуі керек?! Олар көрші Қытайдың «жеңіл күшінің саясатын» өмірінде ұқпай өтететін шығар!? Әуелі осы қатер туралы мағлұмат беріле ме екен? Егер мәліметі жеткілікті болса қазақ даласының өзен, көлдерін қорғау, азық – түлік саясатына қатысты бір рет те болса мәселе көтерер депутаттар үні естілер еді!?

Ежелгі өз дәстүрлі тілі мен дінінен гөрі сақалы мен балағына ілесіп жатқа кеткен шоқынды, тәнжадысы асқынып, ындыны кепкендер елдің  тәуелсіздігін оңай сатады. Егер отағасы – мейлі таза қазақ тілді – қазақ, отанасы – орысша оқыған шала, шараналары – тек орысша еміздікпен ауызданған орысша  оқыған, көзін ашқанда көргені «соска» ұстаған «нянкі» болса ол – қазақтың жанұясы емес, дүбәрә бірге тұрғандар. Олар тұтас отанына тұтқа бола алмайды. Қазақтың ежелгі бесігін түзетіп, отбасын дұрыс қалыптастыра  аламаса Мәжіліс пен Сенат тарқауы керек.

 Себебі, ол жанұяда отандық сенім,ұлттық патриотизмнің болуы мүмкін де емес. Ондай жазғандар – Тәуелсіздіктің жауы. Ел шетіне қауіп төнген ерекше күн туса ең алдымен бірден сатылатындар да осылар. Қазақ әліпбиіне уызынан  жарымағандар бәрібір ел үшін жанын бермейді,әрі Әлібилердің әдісімен  сатылып жүре береді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.