15-10-20 |
380 рет қаралған
Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді.
Сооронбай Жээнбеков отставкаға кететінін мәлімдеді

Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін отставкаға кететінін мәлімдеді. Бұл жайында мемлекет басшысының ресми сайты хабарлады.
«Құрметті отандастар! Мен үшін Қырғызстандағы бейбітшілік, елдің тұтастығы, халықтың бірлігі және қоғамның тыныштығынан артық ешнәрсе жоқ. Маған әрбір отандасымның өмірі қымбат. Мен билікке жабыспаймын. Қырғызстанның тарихында қан төгіс жасаған және өз азаматтарына оқ атқан президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерге өз жақтастарын астанадан алып кетіп, бішкектегі бейбіт өмірді қайта қалпына келтіруге шақырамын», – делінген үндеуде.
Сооронбай Жээнбеков елдегі қоғамдық-саяси жағдайдың әлі де шиеленісіп тұрғанын айтты. Кеше Жоғарғы Кеңес Үкіметтің жаңа құрамын бекітіп, президент тағайындаулар жөніндегі жарлықтарға қол қойған.

Фото www.president.kg сайтынан алынды

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.