23-10-20 |
1100 рет қаралған
«СҚ-Фармация»-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады.
«СҚ-Фармация»-ның жаңа басшысы 1 млн 300 мың теңге жалақы алады

«СҚ-Фармация» басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев қанша жалақы алатынын айтты. Бұл туралы ол «Хабар 24» арнасына берген сұхбатында мәлімдеді. Төрағаға айына 1 миллион 300 мың теңге, оның орынбасарына 900 мың теңге, басқарушыларына 450-ден 650 мың теңгеге дейін еңбекақы төленеді. Есқалиевтің үш басқарушысы мен бір орынбасары бар. Спикер сонымен бірге коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы баяндап, қоймада екі айға жететін дәрі-дәрмектің бар екенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «СҚ-Фармация»-ның баспасөз қызметі компания қызметкерлерінің жалақысын жария еткен болатын. Қазіргі уақытта менеджер – 200 000 теңге, бас менеджер – 350 000 теңге, әкімшілік-басқару персоналы – 450 000 теңге көлемінде жалақы алады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.