12-03-24 |
3320 рет қаралған
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар онлайн форматта жеке медициналық кітапша алады.
2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтар онлайн форматта жеке медициналық кітапша алады

Ол үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру жөнінде шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, жеке медициналық кітапшаны (ЖМК) беруді автоматтандыру процесі аяқталуға шегінде. Бұл бағытта Smart bridg платформасында деректерді қабылдау бойынша қызметтер жарияланды.

Қазіргі уақытта медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілуде, нәтижесінде «Е-Денсаулық» сервисі «жеке медициналық кітапша» модулінің деректерін қабылдауды бастайды.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап ЖМК беру онлайн форматта жүргізіліп, медициналық тексеруден өту уақытын қысқартуға мүмкіндік береді, жұмысқа жіберу туралы рұқсаттама мөрін алу үшін терапевтке қайта бару қажеттілігін болдырмай нәтижелерді Жеке кабинеттен алуға мүмкіндік жасалады.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.