03-11-20 |
440 рет қаралған
Түркия Қырымды өзіне қосып алғысы келеді.
Түркия Қырымды өзіне қосып алғысы келеді

Түркия басшылығы Қырым аннекциясын Украинаны жақтағандықтан емес, түбекті өздеріне қосып алғысы келгендіктен мойындамай отыр. Қырым Республикасы парламентінің депутаты Юрий Гемпель осылай деп мәлімдеді.
«Соңғы кездері мен бұқаралық ақпарат құралдарында түрік басшыларының Қырымға  қатысты сөздерін жиі естіп жүрмін. Олар кезінде Түркия құрамында болған түбекті Ресей империясы заңсыз тартып алды деп айтады. Түркия басшылығы Қырым аннекциясын Украинаны жақтағандықтан емес, түбекті өздеріне қосып алғысы келгендіктен мойындағысы келмейді. Бұл елдің Қырымға қатысты империялық менмендігі мен өз мүддесі бар», – дейді Юрий Гемпель. Парламенттің дипломатия және халықаралық қарым-қатынастар жөніндегі комитетін басқаратын депутат сөзін «Ресей өз жерінің бірде-бір сантиметрін ешкімге бермейді» деп түйіндеді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.