29-10-20 |
880 рет қаралған
100 жаңа оқулықтың жиырма үші жыл соңына дейін аударылады.
100 жаңа оқулықтың жиырма үші жыл соңына дейін аударылады

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулықтары» арнайы жобасы бойынша жоспарланған 100 кітаптың жыл соңына дейін қалған 23-ін қазақ тіліне аудару жоспарланып отыр. Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында қолға алынған аударма ісі бойынша 2017 жылы – 17; 2018 жылы – 30, 2019 жылы – 30 кітап аударылған. 

Тарих, саясаттану, социология, философия, психология, мәдениеттану, дінтану, лингвистика, медиа, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, инновация ғылымдары бойынша студенттерге толыққанды білім беруге арналып аударылған кітаптарды 2018 жылдан бері студенттер оқу процесінде пайдаланып келеді. 

Барлық аударылған оқулықтар www.100kitap.kz ресми сайтында және «Қазақстанның ашық университеті» www.OpenU.kz порталында оқу үшін электронды форматта жарияланған.

фото: 100kitap.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.