19-05-21 |
1280 рет қаралған
«Бір мектепке бір бала барады»: СҚО-да 9 мектеп жабылады.
«Бір мектепке бір бала барады»: СҚО-да 9 мектеп жабылады

СҚО-да балала санының жетіспеуіне байланысты бір жылда тоғыз мектеп жабылады.

Ақмола облысының Рождественка ауылында мектепке бір ғана бала барып жүр. Балалы отбасылардың басым бөлігі ауылдан әлдеқашан көшіп кеткен. Рождественка тұрғындарының көбі зейнеткерлер. Өңірдің басқа ауылдарындағы жағдай да осы. 

Наумовка ауылында жүзден астам оқушы мектепке барады. Алайда оқу орны 224 оқушыға есептелген.

«Қазіргі уақытта мен математикадан беретін жалғыз мұғаліммін. Біздің түлектеріміз мұғалім, тәрбиеші мамандықтарына тапсырып жатқандықтан, олар мектебімізге маман болып оралады деп сенеміз», – дейді Наумовка балабақшасы директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Светлана Брух.

Ауылда 2000 жылдардың басында 900-ден астам тұрғын өмір сүрсе, қазір олардың саны алты жүзге әрең жетеді

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.