27-04-20 |
640 рет қаралған
Медицина университетіне жас ректор тағайындалды.
Медицина университетіне жас ректор тағайындалды

фото: ҚазМҮББҮ

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ құрылтайшылар жиналысының шешімімен университет ректоры болып – PhD, доцент, Қазақстан Республикасының «Талантты жас ғалым» атағының үш мәрте иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің грантын алғаң Қ.Әбдіхалықов (суретте) тағайындалды.

Директорлар кеңесі аталған ЖОО басшысының орнына кандидаттарды ұзақ уақыт бойы қарастырғанын және еліміздің жоғары білім саласындағы танымал кәсіпқой, менеджерді таңдағанын атап өтті. Қайыржан Саясатұлының келуімен аталған университеттің деңгейі ғана емес, сонымен қатар отандық және әлемдік медициналық білім беру жүйесіне жағымды өзгерістер енгізілуі мүмкін деген үмітін білдірді.

Қайыржан Әбдіхалықовтың еңбек жолы білім беру жүйесімен тығыз байланысты – осы уақытта ол білікті менеджер және беделді ғалым ретінде танылды. ҚазМҮББУ-ның жаңа жетекшісі 37 жаста, ол Орталық Азиядағы медициналық университеттердің басшыларының ішіндегі ең жас ректор.

«Коронавирустық пандемия ұлттық және ғаламдық деңгейде медициналық кадрлардың тапшылығын айқын көрсетті. Сонымен қатар, еңбек нарығы үздіксіз өзгеруде, денсаулық сақтау саласында қарым қатынасқа жауап беретін мамандарға, медициналық деректерді талдайтын аналитиктерге, ТЖ кезіндегі әлеуметтік көмек бағдарламаларын ұйымдастырушыларға және зертхана қызметкерлеріне сұраныс арта бастады. Біз бұл трендтерді айқын түсініп, халықаралық медициналық университет ретінде жоғары білікті медициналық кадрларды даярлаудың бірегей жүйесін құруға ниеттіміз», – деді Қайыржан Әбдіхалықов.

КазМҮББУ 2018 жылдан бастап, 6 мамандық бойынша бакалаврларды даярлауға бағытталған білім беру жүйесіне толығымен көшті. Сонымен қатар, университетте жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру – резидентура, магистратура және докторантура бар.

Қазіргі КазМҮББУ 1963 жылы Алма-Ата Медициналық зерттеулердің мемлекеттік ғылыми институты (AGIUV) ретінде құрылған. 2014 жылғы мамырда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен институт қайта құрылып, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті болып аталды.

Университетте Үндістаннан, Біріккен Араб Әмірліктерінен, Шри-Ланкадан, Қытайдан, Ресейден және басқа елдерден келген студенттері қоса есептегенде 3000-нан астам студенттер оқиды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.