11-09-23 |
740 рет қаралған
ҚМДБ Қазақстанның зайырлылығына қарсы ма?.
ҚМДБ Қазақстанның зайырлылығына қарсы ма?

Бүгін ҚМДБ-ның ресми өкілі Ағабек Қоңырбайұлы өз парақшасында мектептегі хиджап мәселесіне қатысты мүфтияттың ресми мәлімдемесін жариялады.

ҚМДБ өз құзыреті аясында бұл мәселеге қатысты уәкілетті мемлекеттік мекемелерге тиісті ұсыныстар берді – деліген мүфтият хабарламасында.

Осыған байланысты Ағабек Қоңырбайұлына хабарласып, нақты қай мекемеге, қандай ұсыныс бергенін білмек болғанбыз. Алайда ҚМДБ-ның ресми өкілі «пост жазамын» дегеннен артық ешқандай жауап бермеді.

Мектептегі хиджап мәселесі жыл сайын оқу жылы бастала бірге басталатын дау. Үкімет те бұл дауға нүкте қоя алмай отыр. Ал бұған дейін жазғанымыздай, Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев журналистің сұрағына сырғытпа жауап бергенін жазған болатынбыз.

Ал белгілі дінтанушы Кеңшілік Тышқан Мемлекетте мектеп формасына қатысты заң жоқ екенін алға тартты.

Мектептің бірыңғай формасы деген заң жоқ қой. Ол министрліктің 26-бұйрығы ғана. Ал заң бойынша діни кемсітушілікке жол берілмейді. Құқықтық мемлекет болу үшін әркімнің сенім бостандығын құрметтеуіміз керек деп ойлаймын. Тек қоғамның санасы дайын болмай тұр. Халық орамал дегенді радикализм деп ойлайды. Бұл – қайшылықты күшейтіп жібереді – дейді ол.

Осы орайда оқырмандар есіне Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі № 248 бұйрығын салғымыз келеді.

Онда: «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 16 ақпанда № 13085 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 ақпанда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарда:
13-тармақ мынадай мәтінде жазылсын:
«13. Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.»;

Бұл бұйырық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 6 сәуірде № 13576 болып тіркелді.

Әзірге бұл бұйырыққа өзгеріс енгізілгені туралы ақпарат шыққан жоқ.

Arasha.kz

ФОТО:

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.