31-03-21 |
730 рет қаралған
Алексей Цой: «Британдық» штамның қаупі жоғары.
Алексей Цой: «Британдық» штамның қаупі жоғары

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирустың жаңа штамдары туралы түсіндірді.

Министр мәліметінше, бүгінде COVID-19-дың штамын анықтауға арналған ПТР-тестің жаңа әдістемесі енгізілген.

«Соның нәтижесінде коронавирустың «британдық», «оңтүстік африкалық» және «бразилиялық» штамдардың ықтимал мутациясы Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарынан басқа барлық өңірде анықталды», – деді Цой.

Алматы қаласында «британдық» және «оңтүстік африкалық» штамдар анықталып жатыр. Бұл адамға тез жұғады. Сондықтан инфекцияның кеңінен таралуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар министр мәліметінше, коронавирустың «британдық» штамына ұқсас мутациялар Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақтөбе облысында анықталды. Олардың ішінде Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінен келген адамдар да бар.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның мәліметіне сәйкес, 30 наурыздағы жағдай бойынша «британдық» штамм әлемнің 125 елінде анықтады. «Оңтүстік африкалық» штамм 75 елде, ал «бразиялық» штамм 41 мемлекетте тіркелді. Коронавирустың жаңа штамдарының сипмтомдары бірдей. Олар – жоғары температура мен жөтел, дәм мен иіс сезу қабілетінің төмендеуі негізгі белгілер болып табылады», – деп атап көрсетті Цой.

Министрдің сөзіне қарағанда, «бразилиялық» штамның өлім-жітімі төмен. Ал «британдық» штамның қаупі жоғары. Сондай-ақ, инфекция тараған сайын жаңа штамдар шыға береді.

 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.