29-06-20 |
450 рет қаралған
Коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын өсіп барады.
Коронавирустан қайтыс болғандар саны күн сайын өсіп барады

Бүгін, 29 маусымда коронавирустан тағы да 5 адам көз жұмды. Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметте коронавирустан қайтыс болғандар саны 183 адамға жеткен. 

Бүгін көз жұмған науқастар жайлы мәлімет төмендегідей:⠀
Батыс-Қазақстан облысында – 1952 жылы туған әйел адам;
Маңғыстау облысында – 1942 жылы туған әйел адам;
Ақмола облысында – 1967 жылы туған ер азамат;
Шығыс-Қазақстан облысында – 1958 жылы туған ер азамат;
Ақтөбе облысында – 1962 жылы туған әйел адам.

Сондай-ақ 28 маусымда коронавирус жұқтырған 547 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 21 327 адамға жетті. Емделіп шыққандар – 12 933 адам.

Ал кеше жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 1 066 тасымалдаушы адам тіркелген. Жалпы белгілері жоқ тасымалдаушылар саны – 16 639 адамға жеткен.⠀

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.