27-01-21 |
490 рет қаралған
Вакцина қазақстандықтардың бәріне тегін салынады.
Вакцина қазақстандықтардың бәріне тегін салынады

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәліметінше, қазақстандықтардың бәріне вакцинаны тегін алуға жағдай жасалады

Вице-министр қазіргі таңда вакцинамен қамтамасыз ету мәселелері реттеліп жатырғанын хабарлайды. Алдағы уақытта, вакцинаға мемлекет тарапынан қаражат бөлініп, халыққа тегін салынатын болады. 

 «Вакцинаны нарыққа шығару мәселесі нақтыланды. Ақпанда 90 мың доза, наурыз айында150 мың доза, келесі айларда 600 мың доза шығарылады. Сәуір және мамыр айларында вакцина халықтың басым бөлігіне қолжетімді болады. Біз жыл соңына дейін 6 млн адам вакцинацияланады деп жоспарлап отырмыз. Бұл міндетті медициналық сақтандыру есебінен жүзеге асырылады. Яғни, вакцина тегін болады. Бұл мемлекеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Үкіметтің қорынан қаржы бөлінеді. Сәйкесінше, адамдарға вакцинация тегін болады. Бұл Қазақстанның барлық азаматтарына қатысты», – дейді Шоранов. 

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.