16-03-21 |
930 рет қаралған
Вакцина салдыру оразаны бұза ма?.
Вакцина салдыру оразаны бұза ма?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы вакцина салдырудың оразаны бұзбайтынын түсіндірді.

Дін өкілдерінің айтуынша, Рамазан айында вакцина алғандардың оразасы бұзылмайды.

«Шариғат заңы бойынша оразаны табиғи жолдармен – ауыз, мұрын, ішек арқылы енетін нәрсені бұзады. Ал денеге еніп кеткен нәрсе, бұл жағдайда коронавирустың инъекциясы оразаны бұзбайды», – деді пәтуә бөлімінің маманы Хасан Аманқұл.

Вакцина бұлшықетке енгізілсе ол оразаны бұзбайды.

«Егер инъекция тері астына бұлшықет ішіне енгізілсе, онда ораза бұзылмайды. Алайда инъекцияны тамырға енгізу мәселесінде ғалымдардың көзқарастары сәйкес келмейді. Ауруларды емдеу және алдын-алу үшін пенициллин, инсулин, вакциналар, анальгетиктер, дәрілер мен дәрумендер оразаны бұзбайды», – деді Хасан Аманқұл.

Естеріңізге сала кетейік, биыл ораза 14 сәуірде басталады. Қазақстан қалалары үшін 2021 жылға арналған ораза кестесі жарияланды.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.