12-09-23 |
1100 рет қаралған
Орамал дауы: Оқу-ағарту министрлігіне мүфтияттан ұсыныс түспеген.
Орамал дауы: Оқу-ағарту министрлігіне мүфтияттан ұсыныс түспеген

Мектепте хиджап кию мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Бұл жылдағы оқу жылы басталғанда көтерілетін үйреншікті жағдай десек те, қоғамда мектепте хиджап кию мәселесі азаматтарды екіге жарып отыр деуге болады.

Осы мәселеге қатысты мүфтияттың ресми өкілі Ағабек Қоңырбайұлы бұған дейін де әлеуметтік желіде пікір жазған болатын. Бүгін тағы бір пост арнады.

Мүфтият бұл мәселені өз құзыреті, дін мен дәстүр сабақтастығы аясында шешудің оңтайлы жолын ұсынды. Нақты айтқанда, тиісті мекемеге орамалдың ақ және көк түсі ұсынылды. Осыған қатысты әлі де оң шешім қабылданар деген үміттеміз. Алла алауыздықтан сақтасын! – деді ресми өкіл өз парақшасында.

Осы жерде Ағабек Қоңырбайұлы айтып отырған «тиісті мекеме» қай мекеме деген заңды сұрақ туындайды. Әрине, мектепке қатысты болғандықтан, Оқу-ағарту министрлігі екені белгілі.

Алайда Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова мүфтият тарапынан мектепте хиджап киюге қатысты ешқандай ұсыныс түспегенін айтты.

Arasha.kz

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.