18-09-19 |
410 рет қаралған
Қазақстан Қытайға тасымалдайтын уран көлемін арттырмақ.
Қазақстан Қытайға тасымалдайтын уран көлемін арттырмақ

Қазақстан Қытайға  тасымалдайтын уран көлемін арттырмақ. Венадағы  МАГАТЭ бас конференциясының 63-ші сессиясында Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозұмбаев Қытайдың атом энергетикасы агенттігінің басшысымен кездесу барысында айтты. 

Қытай Қазақстанның уран тасымалы бойынша көп жылғы серіктесі екенін айтқан министр,  Қазақстанда Қытай АЭС-і үшін ядролық отын шығаратын біріккен зауыт салу бойынша да серіктестігі бар екенін жеткізді. Бозымбаев Қытай атом энергетикасының қажеттілігін өтеу үшін қазақстандық өнімнің экспорттық көлемін алуға байланысты Қытайдың ұсынысын қолдайтынын айтты. Сонымен қатар, бірлескен жұмыс тобының басшыларын вице-министр дәрежесіне дейін өсіру келісілді.

Сондай-ақ министр Бозұмбаев Үндістандық өкілдермен де кездесіп, Қазақстан Үнді атом энергетикасы депортаментімен уран жеткізу бойынша жаңа келісімшартқа отыруға дайын екендігін айтты. Қазақстан мен Үндістан арасында іскерлік қарым-қатынасты дамыту келісілді.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.