31-03-21 |
530 рет қаралған
Бензин тағы да қымбаттады.
Бензин тағы да қымбаттады

Қазақстанда тағы да бензин қымбаттады. Бұл туралы Азаттық жазады.

30 наурызда бәсекені қорғау және дамыту агенттігі таратқан мәліметте наурыздың басындағы жағдаймен салыстырғанда бензин құнының 2-10 теңгеге өскені көрсетілген.

30 наурызда Шымкентте 92 маркалы бензин – 160 теңге, 96 маркалысы – 178 теңге, дизельдің литрі 170 теңгеден сатылған.

Энергетика министрлігі сейсенбі күні таратқан хабарламасында ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің бағасын мемлекет реттемейді, баға сұраныс пен ұсыныс негізінде айқындалады деп жазған.

«Баға белгілеу кезіндегі негізгі факторлар – Қазақстандағы мұнай құны (ішкі бағалар), процессинг (мұнай өңдеу қызметі), салықтар мен акциздер, зертханалық сынақтар мен қоспалар бойынша шығындар, банк қарыздарына қызмет көрсету, цистерналарды беру-жинау, тауарды тасымалдау және басқа да ілеспе шығындар. Бұл ретте мұнайдың құнын айқындау кезінде мұнай өнімінің әрбір түрінің үлес салмағы есепке алынады, ол оның нарықтық құнына және мұнайдың бір тоннасынан өндіру үлесіне негізделеді. Тұтынушылар үшін түпкілікті баға мұнай өнімінің көтерме сауда құны, жанар-жағармай станциясына жеткізілгенге дейінгі барлық көлік шығындары, мұнай базаларында сақтау, бөлшек саудада өткізушінің шығындары, сондай-ақ акциздер мен салықтар негізінде қалыптасады» делінген министрлік хабарламасында.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.