11-12-19 |
610 рет қаралған
Елде студенттердің жәрдемақысы өседі.
Елде студенттердің жәрдемақысы өседі

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастар форумында жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттерінің жәрдемақысын өсіруді тапсырды.

2020  жылдың қаңтарынан бастап студенттердің жәрдемақысы 25% өседі деп отыр президент.

– «2020  жылдың 1 қаңтарынан бастап бакалавриат, магистратура және  докторантура студенттерінің жәрдемақысы 25% өсіріңіздер,  Жалпы алғанда олардың саны 130 мың адам», – деп мәлімдеді президент Тоқаев.

Сондай-ақ  Қасым-Жомарт Кемелұлы биылғы жылдың қыркүйегінен жұмысшы мамандықтар алатын тәлімгерлердің 122 мыңының жәрдемақысы 30% өскенін еске салып, алдағы жылдың басынан бастап орта кәсіптік білім алатын колледж студенттерінің де жәрдемақысын 25% өсіру туралы айтты. Сонымен қатар олардың саны жүзге жуық екенін ескерткен президент жәрдемақының өсуі студенттерге жақсы көмек болатынын жеткізді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бұл үшін Республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінетіндігін және оның есеп-қисабы бар екенін астанада өткен брифингте мәлімдеді.

– «Бұған ешқандай кедергі жоқ. Президенттің бұл тапсырмасы уақытымен орындалады. Тек ЖОО студенттері үшін ғана жылына шамамен 13 млрд теңге. Бұған колледждерде оқитын студенттерді қоссақ, бұл тағы шамамен 5-6 млрд теңге. Бұл өте үлкен сома, бірақ мен мұны маңызды шешім деп санаймын», – деп  айтты Асхат Аймағамбетов.

Министрдің сөзінше барлық студенттерге бірдей жәрдемақы 25% өседі.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.