Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин Парламент Сенатында өткен жиында жауапсыз жарнама үшін миллиондаған қаражат жұмсалатындығын айтып, ұялы байланыс операторларының жарнамаларын сынға алды.
«Жарнама туралы» заң жобасын сөз еткен кезде, «Олардың қайсысы мықты, қайсысы нашар екенін ешкім растаған жоқ. Бұлар – қоқыс жарнамалар. Оларға осыған дейін үш миллион теңгенің айыппұлы салынып қойды. Олар тіпті сотқа да бармай, бірден ақшасын төлейді. Демек, бұл жауапсыз жарнама деген сөз», – деді вице-министр. Жаңа заң жобасында жауапсыз, жалған әрі жасырын жарнама үшін арнайы жауапкершілік бекіту көзделіп отырғанын да айтты.
Енгізілгелі жатқан жаңа тәртіп бойынша теле-радио арналар эфирінде күн сайын әлеуметтік жарнамалар көрсету көзделуде. Келешекте теле көрсетілімдердің прайм-тайм уақытында 12 минуттық әлеуметтік жарнаманың көрсетілуі міндетті болуы мүмкін.
«Қазіргі уақытта телеарналардың кешкі эфирі жарнамаға толып тұр. Бұл отандық аудиторияның шетелдік арналарға ауысып кетуіне әкеліп соғады. Осыған байланысты сағат 18:00-23:00 аралығында әр сағат сайын жарнаманың уақыты 12 минуттан аспауы керек», – дейді вице-министр.
Дереккөзі ҚазАқпарат
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024
-
04.12.2024