2025 жылдың 7-шілдесінде сағат 21:09-да Қарағанды-Сұрыптау - Ағадыр аралығында жолаушылар пойызының машинисі жолға бөгде адамның шығуына байланысты шұғыл тежегішті қолданған.
ҚТЖ-ның мәліметінше, машинист пойызды тоқтатуға қанша күш салғанымен жол бойындағы адамды қағып кетпеу мүмкін болмаған.
«Жапа шегушінің аяғы сынып, ол Қарағанды-Сұрыптау станциясының жедел жәрдем бригадасына табыс етілді. Жедел деректерге сүйенсек, әйел адам мас күйде болған. Пойыздың кідіруі 18 минут болды», - деп мәлімдеді «ҚТЖ» ҰК» АҚ.
Болған оқиға тексеріліп жатыр. Ақпарат құқыққорғау органдарына берілген.
“ҚТЖ”ҰК”АҚ азаматтарды теміржол жолынан өту ережесін қатаң сақтауға және қауіпті аймақта қырағы болуға шақырады.