10-07-21 |
360 рет қаралған
Пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 процентке төмендеді – Тоқаев.
Пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 процентке төмендеді – Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығымен үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды. Шара онлайн режимде өтіп жатыр.

«Індет пен шектеу шараларына қарамастан ел экономикасы жарты жылдың ішінде 2,2 процентке өсті. Бұл – қуантарлық жайт. Былтыр пандемияның салдарынан ішкі жалпы өнім 2,6 процентке төмендеді. Біз оны тезірек қалпына келтіруіміз керек», – деді Тоқаев отырыстың басында.

Президент үкіметке екінші жартыжылдықта экономиканың өсу қарқынын үдетуді тапсырды.

Отырыс тәртібі бойынша алдымен үкімет басшысы Асқар Мамин елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын баяндауы тиіс. Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ақша-кредит саясаты жайында есеп береді. Ал вице-премьер Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдайды баяндайды.   

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.