03-06-18 |
2590 рет қаралған
«100 жаңа оқулық» жобасының келесі кезеңінде не істелмек?.
«100 жаңа оқулық» жобасының келесі кезеңінде не істелмек?

«Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтылған алты арнайы жобаның ең ауқымды әрі қажеттісі – «100 жаңа оқулық» екені мәлім. Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында осынау жобаның бірінші аударма кезеңі сәтті жүзеге асты. Алғашқы 18 оқулық қазақ тіліне аударылып, тұсаукесері өткізіліп, қазіргі кезде еліміздегі ірі жоғарғы оқу орындары мен кітапханаларға толықтай түсті. Оқулықтарды жаңа оқу жылынан бастап студенттер, оқытушылар пайдалана алады.

 «100 жаңа оқулық» жобасы одан әрі жалғасып, қазіргі таңда отыз кітап аударылып жатыр. Ә дегенде философия, әлеуметтану, психология, тіл білімі, экономика, менеджмент, дінтану, антропология, журналистика салаларына арналған оқулықтар аударылса, енді стратегиялық менеджмент, адам ресурстарын басқару, коммуникация, құқық, халықаралық бизнес және маркетинг салаларына бағытталған үздік кітаптар аударылмақ.

Сондай-ақ, «100 жаңа оқулық» жобасы аясында жарық көрген кітаптардың PDF нұсқасы да жарияланбақ.

Ұлтық аударма бюросы «100 жаңа оқулықты» аудару жұмысымен ғана емес, оны кеңінен насихаттауға да баса назар аударып келеді. Бұл тарапта ғалымдар, оқытушылар және жоғарғы оқу орындары басшыларының қатысуымен дөңгелек үстелдер, кездесулер жиі өткізіліп жүр.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.