25-05-20 |
1390 рет қаралған
АҚШ ғалымының ашаршылық туралы кітабы қазақ тілінде шықты.
АҚШ ғалымының ашаршылық туралы кітабы қазақ тілінде шықты

фото: Досым Сәтпаевтың парақшасынан алынды

АҚШ ғалымы Сара Камеронның ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы Қазақстандағы ашаршылық туралы ғылыми зерттеу кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Бұл туралы саясаттанушы Досым Сәтпаев хабарлады.

«Сара Камеронның «The Hungry Steppe. Famine, violence, and the making of Soviet Kazakhstan» деп аталатын кітабы 2019 жылы АҚШ та жарық көрді. Кітап жарық көрісімен мен автормен бұл кітапты Қазақстанда қазақ тілінде шығару керектігін айтып, ұсыныс жасап, келістім. Сара мен оның кітабын шығарған баспа менің ұсыныстарымды қолдады. Бірнеше айға созылған жұмыстың нәтижесінде «Аштық жайлаған дала. Ашаршылық, озбырлық және Кеңестік Қазақстанды орнату» атты кітап жарыққа шықты. Кітапты «Меломан» кітап дүкендері желісінен ала аласыздар» деп жазады Сәтпаев.

Досым Сәтпаев бұған дейін ашаршылық туралы деректі фильм түсірген болатын.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.