29-08-23 |
1310 рет қаралған
Астанада тұруға бәрібір шектеу енгізіледі. Неге?.
Астанада тұруға бәрібір шектеу енгізіледі. Неге?

Астана қаласына қатысты ішкі-қон мәселесінде шектеу енгізу туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова түске дейін және түстен кейін екі рет түсініктеме жасады. Министрдің айтуынша, Астанаға келіп-кетуге, қыдыруға, емделуге яғни ел азаматтарының еркін жүріп-тұруына шектеу қойылмайды. Ал шектеу неден шығады? Егер адам Астанаға жұмыс істеуге келсе, тұрақты мекенжай бойынша тіркеледі, жұмыс беруші үймен немесе жатақханамен қамтамасыз етуге міндетті болады. Министрдің «адам тұруға арналамған ғимараттарға қатысты» енгізілмек шектеуі өзі де айтқандай жай ғана мысал, үкімет заң жобасын дайындайтындай өте үлкен мәселе емес. Шу болғалы тұрған шектеу дауын бұрып жіберудің кішкентай мысалы.

Министр неге бір күнде бір мәселеге екі рет түсініктеме берді дегенге келсек. Біздің ше, шектеу енгізу туралы ақпарат әдейі айтылды. Ол ақпарат тұрғын үйді сату/сатып алу, жалға беру және өзгеде қалада тұруға қажетті қызмет түрлері нарығына тасталған хабар. Күзде бұл нарықта баға шарықтап шыға келмесіне енді кепілдік жоқ. Себебі, ол нарықта жұмыс істейтін компаниялар, адамдар мұндай үкіметтің арғы ойын түсініп отыр. Үйді сатып алу, жалға алу күрт өссе, шектеу шараларына үлкен көмек береді. Ал Тамара Дүйсенованың «дұрыс естімей қалдым, дұрыс түсінбей қалдым» деуі екі түсініктеменің арасын жалғауы, ол да жай мысал.

Ал түстен кейінгі түсініктеме ол – шектеуден шу шығармаудың амалы. Яғни, қоғам сынына ұшырап, үлкен қоғамдық шуға ұластырмаудың әдісі. Осы екінші түсініктемеден кейін шектеуге шошына қараған жұрт «е, бәсе» деп жайбырақат күйге қайта түседі. Бірақ Астанада тұруға шектеудің әкімшілік кедергілері бәрібір жасалады, оны Астана қаласы әкімдігі жасап жатқаны, жұмыс тобы құрылғанынан білуге болады.

Шектеудің тағы бір қыры бар. Ол – еңбек дауы, әлеуметтік қарсылықтардың алдын алу. Жаңаөзен мұнайшыларының энергетика министрлігі алында келіп, талап қойғаны, бірнеше жыл бұрын көп балалы аналардың үкімет үйі маңында қарсылық көрсетуі сынды әлеуметтік қарсылықтарды үкімет дерегі ұмытқан жоқ. Мұндай қарсылықтардың алда болатынын да ешкім жоққа шығармайды.

Осы және өзгеде себептерге қарай Астанада тұруды шектеудің әкімшілік жолы жасалып жатыр. Қала әкімшілігінде құрылған жұмыс тобының дайындайтын құжатында шектеудің мүмкін жолдарының бәрі қарастырылатыны күмәнсіз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.