17-10-18 |
9040 рет қаралған
Қазақстанда он миллион астам адам отбасын әрең асырап отыр.
Қазақстанда он миллион астам адам отбасын әрең асырап отыр

Бүгін – дүниежүзілік кедейшілікпен күрес күні. Былтыры, яғни 2017 жылдың екінші жартысында елдегі кедейлер саны өсіп 2,7 пайызға жеткенін ұлттық экономика министрлігі мәлімдеген еді. Айлық табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен ( 29 146 теңгеден) аз болса, кедей болып есептеледі. Ал дүниежүзілік банктің мәліметінше, 2016 жылы Қазақстанда кедейлер саны көбейіп, 20 пайызға жеткен. Бірақ ресми статистика елдегі кедейшілік көрсеткіші 2,6 пайыз дегенді алға тартады.

Екі жыл бұрын vlast.kz интернет журналы статистика агенттігінің мәліметіне тексеру жасай келіп, елде екі миллионға жуық адам кедейшілікте өмір сүріп жатыр деген қортындыға келген. Сондай-ақ, журнал экс-министр Тамар Дүйсенованың сөзін негізге ала отырып, халықтың 56,7 пайызы яғни 10 миллионнан астам адам өзін және отбасын тіршілікке қажетті дүниелермен толық қамти алмайтын, әлеуметтік жақтан қорғалмаған топқа жататын жазған.

2016-2017 жылдардан бері теңгенің құнсыздануы бірнеше рет қайталанды. Бұл өз кезегінде күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттауына алып келсе, айлық жалақы өскен жоқ. Сөйтіп, бұдан былтырғы және алдыңғы жылғы кедейлік көрсеткіштері өсе түспесе, азаймауы әбден мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.