08-08-20 |
1060 рет қаралған
Азаматтық қоғам – құқықтық тұрғыдан өсудің көрсеткіші.
Азаматтық қоғам – құқықтық тұрғыдан өсудің көрсеткіші

Азаматтық қоғам қай кезде, қалай қалыптасады? Біз үнемі бұндай құндылықтарды өзгеден іздейміз, басқадан талап етеміз. Ал өзіміз азаматтық қоғамның айналамызда үстемдік құрып, шынайы салтанат құруы үшін не істеп, қандай қайраткерлік, қандай қаракет жасап жүрміз?!

Егер мемлекетте сөз бостандығы орнап, цензураға абсалютті тыйым салынса азаматтық қоғамның алғышарттары орнайтыны заңдылық. Біз бұл мәселеде де белсендіміз. Бірақ өзімізге қатысты емес, өзгеден талап етуге қатысты. Сөз бостандығына мемлекетте Ата Заңнан бастап кепілдік береді. Демек бұл жерден еш қиындық туып тұрған жоқ. Кез келген саналы азамат ой-пікірін айтып, өзінің көзқарасыін ашық жеткізе алады. Ендеше бұл жердегі мәселе неде? Бұл жердегі мәселе біздің өзімізде. Кейде біз ашықтықты артық пікірмен, біреудің ар-намысына тиетін, жанына батыратын жадағай сөздермен шатастырып аламыз. Көсіліп сөйлеу көп керекті алдыға тарту емес. Көп сөйлеп, біреуді мұқату, өзіміз орындауға тиіс міндеттерді өзгеден талап ету адам бойындағы масылдық пен кінәмшілдіктің көрнісі ғана. Азаматтық қоғам адамның рухани өлшемінің айнасы. Ол барлық кезеңде бізді, біздің алдымыздағы, бізден кейінгі ұрпақты сергек ой мен демократиялық, тәуелсіз, сауатты таным көкжиегіне жетелейді.

Адамзаттың бүгінгі қажеті, адами құндылығы алтын күміс, мыс жез, темір, көмір секілді тұрмыстық заттармен өлшенбейді, бүгінгі қоғам өнер-біліммен, терең ізденіс, тың жаңалықтармен, кәсіби өсіп кемелденумен өлшенеді. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевта өзінің жолдауында қазақстандықтардың азаматтық қоғамды нығайтуға белсене ат салысуы керек екендігін айтуда. Жалпы мемлекеттік даму да азаматтық қоғамның көмегінсіз алға жылжымайды. Басқарушы билік пен әлеумет, халық барлық мәселеде бір мәміле де, ортақ мүдде жолында ұйысып жұмыс істеу маңызды. Ортақ мүдде Қазақстандай алып мекенді иеленуші бүкіл қазақстандықтарға ортақ. Соңғы жылдары мемлекет ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді даму кезеңдеріне арналған бағдарламаларының бәріне азаматтық қоғам алғышарттары, оның ішінде адам капиталын бірінші кезекке шығару қажеттігін жұрт назарына ұсынып жүр.

Адам капиталы ол білім мен ғылым, интеллектаулды ізденістер, рухани, мәдени, экономикалық, іскерлік, саяси, әлеуметтік мәселелердің жинақтық көрнісі. Біз ғылым мен білімді айтсақ, ондағы кемшіліктер мен жетістіктерді қатар сараптауды, содан анализ жасап алдағы уақытқа сол олқылықтардың орнын толтыруды қарастыратын ақпараттық анализ жүйесін қалыптастыра бастадық.

Азаматтық қоғам экология мәселесінде де ауқымды қадамдарға, ауқымды проблемаларға бет бұрды. Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу, қоқыстарды өңдеу технологияларын ойлап табу, күннен балама қуат көздерін тарту, табиғи байлықтарды көздің қарашығындай қорғау, оны аялау, тазалығын күшейту, ерекше қорғаудағы қорықтар мен өзен көлдерді, киелі жерлерді қорғау, көздің қарашығындай қастерлеу мәселелерін күн тәртібінде қарастыра бастады. Жеке белсенділердің қатары көбейіп, бүгінгі таңда Қазақстан аумағында әртүрлі экологиялық, еріктілердің бастамашыл акциялары ұйымдастырыла бастады.

Бүгінгі нарықтық талаптар барлық дамыған, дамушы елдерді өз формациясынан өткізіп жатыр. Ондағы алдыңғы талапта осы азаматтық қоғам, азаматтық белсенділік талаптары. Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдармен қоса мемлекеттік ұйымдардың да осы формация, осы даму үлгісіне қарай бет бұрмасына амал қалмады. Қазір мемлекеттік органдар жеке азаматтардың, бірлестіктер мен тәуелсіз қорлардың үніне құлақ аса бастады. Мемлекет басшысы былтыр ғана «халықтың еститін, тыңдайтын үкімет» бастамасын өзінің жолдауында көтеріп, мемлекеттік биліктің алдағы уақыттардағы ұстанымы ретінде көрсетті. Бұл ретте, осындай шешімдердің арқасында республиканың шалғай қалған аудан, ауыл, аймақтары да дамып, ілгерлей бастады. Қоғамдағы әртүрлі келелі мәселелерге қатысты әр аймақта жекелеген азаматтардың белсенділігі байқалды. Сол арқылы мемлекет халықты тыңдайтын, еститін, сол проблемалардан нәтиже шығаратын Үкіметке айналды.

Жаңа мемлекеттің, жас мемлекеттің өз нарығын, өз кәсіпкерлігін дамытпаса болмайтыны да осы азаматтық қоғам формациясында ерекше байқалды. Сол себепті де үкімет қоғамдағы бастамашыл азаматтардың шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуларына мүмкіндік берді. Кәсіпкерлік таңдау, кәсіпкерлік талғам, азаматтарды тәуелсіз еңбек етуге жұмылдыру мемлекетте қарқынды қадам ала бастады. Салық саласында да азаматтық қоғамға мүмкіндік беру тетіктері қарастырылды. Шағын және орта бизнесті мемлекетті дамытудың негізгі бір тетіктері есебіне санап, көптеген бизнес өкілдеріне өзін өзі дамытып, жеке салада жетістіктерге қол жеткізуге жол ашты. Осындай игілікті істермен мемлекет, атқарушы органдар азаматтық қоғамның дамуына ерекше қолдау білдіріп отыр.

Елдегі волонтерлік істердің дамуына да азаматтық қоғам тетіктері түрткі болды. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың басым бөлігі бір біріне қол ұшын беруге, тегін жәрдемдесуге, шаруасын атқарысып, қаржылай көмектесуге дайын тұрады. Оны осы елдегі соңғы пандемия жағдайы айқындап берді. Жүздеген ерікті республиканың әр аймағында тынымсыз, әрі ақысыз еңбек етіп, науқастарға тегін дәрі-дәрмектер жеткізіп берді, таратты, ауруханаларда ауыр киімдер кие жүріп, індеттің бел ортасында әрбір науқастың өмірі үшін күресті, олардың өмірін арашалап қалуға дәрігерлермен бірге ат салысты. Әртүрлі экологиялық қозғалыстарда да бүгін біз еріктілердің бастамашыл топты ұйымдастырып, алыс жақын аймақтардың бәріне табиғатты қорғау жолында акциялар жасап жүр. Азаматтық қоғам талапшыл топтың талғамынан, жақсы өмірге ұмтылуынан туған ізденістер. Азаматтық қоғамы дамыған елдің еңсесі де тік. Олар азаматтық орта, белсенді азаматтық қоғам құру арқылы билік пен халықтың арасында үйлесімді байланыс орнатуға болатынын сезді. Бүгін де әрбір қазақстандық өзінің үнін еститін үкімет, сөзін тыңдайтын мемлекеттік орган бар екенін біледі және оған өзінің батыл ұсыныс, сауатты бағдарламалары арқылы кіре алатынына, азаматтық қоғамды өзінің осындай аздаған қайраткерлігі арқылы да үлесін көрсете алатынын түсінеді. Заман алға жылжыған сайын адами құндылықтарда өзгерді. Енді әлем баяғыдай «ләппайлықтың» заманына ешқашан қайта оралмайды. Дамыған қоғам да әрбір азаматының үні қадірлі, құрметті. Ендеше, азаматтық қоғамның кемел болашаққа қарай қадам басқанын қуана құптап, оған өзіміздің де аздаған үлесімізді қосу парыз.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.