27-02-24 |
4570 рет қаралған
Бірыңғай уақыт белдеуіне өтуге байланысты eGov.kz порталы қолжетімсіз болуы мүмкін.
Бірыңғай уақыт белдеуіне өтуге байланысты eGov.kz порталы қолжетімсіз болуы мүмкін

Бірыңғай UTC +05.00 уақыт белдеуіне көшуге байланысты 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00-ден 2024 жылғы 1 наурызда 02:00-ге дейін техникалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ хабарлады.

Осы уақыт аралығында келесі жобалар:

– eGov.kz порталы және оның құрамдас бөліктері;

– egov mobile мобильді қосымшасы;

– «Е-нотариат» бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйесі;

– «Техникалық бақылау» бірыңғай ақпараттық жүйесі;

– «e-Otinish» электрондық өтініштер қызметі;

және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүргізетін басқа да ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік дерекқорлар үшін қысқа мерзімді қолжетімсіздік болуы мүмкін.

БӨЛІСУ:
  • twitter
  • telegramm
  • facebok
  • vk
Соңғы мақалалар.
МІНБЕР.